Квадроцикл жүргізушісі қозғалыс кезінде шлем кимеген
Атырау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері мотоцикл, скутер, квадроцикл, мопед жүргізушілерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция инспекторлары мотокөлік жүргізушілеріне жүргізу жылдамдығының 40-60-тан асырмауын, жүргізуші мен жолаушының міндетті түрде шлем тағуы, бағыт ауыстыру, маневр жасаған кездерде ережелерді сақтау, т.б. құқыбұзушылықтарды жасамау туралы түсіндірмелер жүргізді.
Ал, Сатпаев көшесі бойында тоқтатылған квадроцикл жүргізушісіне мотошлем кимегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен (жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) хаттама толтырылды.
Патрульдік полиция инспекторларымен жыл басынан мотоцикл жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы (маневр жасау), 615-бабы (мотошлем тақпау), 612-бабы (жүргізуші куәлігі жоқ күйде жүргізу) бойынша 20-дан астам әкімшілік хаттамалар толтырылып, бес мотоцикл айыптұрағына қойылды.