Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төленбеген айыппұлдарды өндіру басталды

Қарағанды облысында 25-27 мамыр аралығында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту және жазадан жалтармау мақсатында “Борышкер” жедел алдын алу шарасы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесе отырып, борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайларына, жұмыс орындарына бару, қауіпті боыршкерлерге қатысты мәжбүрлеп орындату, тіпті мүліктерін тәркілеуге және қамауға алуға дейін жазалау арқылы заңмен белгіленген мерзімде төленбеген айыппұлдарды өндіруге бағытталған бірқатар шаралар жүргізеді.

Сондай-ақ Полиция департаменті айыппұлдарды “Egov.kz” электрондық үкіметінің порталында онлайн режимінде, сондай-ақ “”Qamgor.gov.kz”, “Kaspi.kz”, “Kolesa.kz” мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болатынын хабардар етеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бабына (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері) сәйкес тұрғын әкімшілік айыппұл салынған күннен бастап 7жеті күннің ішінде 50% төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Сонымен, “Борышкер” ЖААШ нәтижесі бойынша жалпы сомасы 29 млн.200 мың теңгені құрайтын 2224 айыппұл өндірілді. Құқық бұзушылардың жұмыс орны бойынша 6 млн. 147 мың тенге сомасына 458 қаулы, ал жеке сот орындаушылардың палатасына 17 млн. 562 мың теңгені құрайтын 1322 қаулы жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру