Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан 23 көлік өртенді

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Полиция басқармасының қызметкерлерімен және “Қазақстан – Атырау” телеарнасының түсірілім тобымен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі, автокөліктегі өрттің алдын алуға және қауіпсіздік ережелерін жеткізуге бағытталған профилактикалық рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл жыл басталғалы Атырау қаласында автокөлікте 23 өрт, былтыр 25 өрт тіркелген.

 Өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы және қасақана өрт қою.

Рейд барысында Атырау қаласы ТЖБ аға инженері Е. Габитов жүргізушілерге көлік құралдарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, өрт сөндіргіштердің бар-жоғын, олардың жарамдылық мерзімін тексерді. Сонымен бірге автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамалар мен парақшалар таратылды.

Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Н.М. Жаңабаев “Қазақстан – Атырау” телеарнасына берген сұхбатында автокөлік иелеріне автокөліктегі электр сымдарына жіті назар аударуды ұсынды, себебі автокөліктегі өрттердің негізгі себептері қозғалтқыш бөліктеріндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы және автокөліктердің техникалық ақауы салдарынан болып жататындығын айта кетті.

Әдетте, көліктегі өрттің алдын алуға немесе олардың пайда болу қаупін азайтуға болады. Ол үшін жүргізушілер көліктің техникалық жағдайын бақылап, уақытында техникалық байқаудан өтуі қажет.

Автокөлігіңіз қайғылы оқиғаға ұшырамауы үшін:

– автокөлігіңізге уақытында техникалық қызмет көрсету;
– электр сымының дұрыстығын үнемі қадағалап отырыңыз;
– әрдайым өзіңізбен бірге машинада өрт сөндіргіш алып жүріңіз, оны оңай қол жетімді жерде ұстаңыз.

Тек жоғары жауапкершілік пен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ғана автокөлікте өрттердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

Өрт шыққан жағдайда дереу “101” немесе “112” телефондарына хабарлаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру