Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді
Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.
Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.
Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.