Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер арнайы іс-шара кезінде екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіледі

Алматыда полицейлер арнайы іс-шара кезінде екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.

Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, әскерилендірілген киімдер, ұялы телефондар мен киетін заттар табылып, тәркіленді.

Күдіктілер тонағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарымен қаладан кетуді жоспарлағандарын айтты.

Ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру