Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солдаттарға картоп пен бидай масағын жинаған еңбеккер

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Polisia.kz редакциясы назардан тыс қалдырмайды.

Бүгінгі кейіпкеріміз – тыл еңбеккері Тоқман Жаркынов. Токман Жарқынов – 9 жасар бала кезінде соғыс уақытындағы барлық балалар үйлерінің балалары сияқты, егістіктерде жұмыс істеді, майданға жіберілетін картоп пен бидай масағын жинады.


Тоқман Жарқынов 1936 жылы 25 тамызда Талдықорған облысының 1 май совхозында дүниеге келген. Оның балалық шағы балалар үйінде өтті. Ленинград қаласында Совет Армиясы қатарында болған соң (1953-1956 жж.), Алматы қаласындағы КСРО ІІМ мектебіне оқуға түсіп, бітіргеннен кейін Павлодар қаласына жіберілді. Павлодар қаласында ІІБ – да жедел қызметте жұмыс істеді, содан кейін 1966 жылы сарапшы-криминалист лауазымына тағайындалды және Екібастұз қаласына жіберілді, одан кейін жедел уәкіл болып, Екібастұз қаласы қылмыстық іздестіру басшысының орынбасары қызметін жалғастырды. «Тыл еңбеккері» медалі, «Мінсіз қызметі үшін» медальдары, «Милиция үздігі» төс белгісі, «Еңбек ардагері ұзақ және адал қызметі үшін» медалі бар. Қызмет жылдары мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Төрт баласы, жеті немересі, төрт шөбересі бар.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесі – 9 мамыр-еліміздің басты мерекелерінің бірі. Сіздердің ерліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Шын жүректен сіздерді ұлы мереке – Жеңіс Күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және амандық тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру