Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіске жету жолындағы Нинаның еңбегі

Солтүстік Қазақстан облысында пробация қызметінің қызметкерлері тыл еңбеккерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында, СҚО Жамбыл ауданының пробация қызметінің қызметкерлері СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылының тыл еңбеккері, Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі Н.Н. Запорожецке барып қайтты.

Пробация қызметінің қызметкерлері көптеген адамдарға нағыз үлгі бола алатын ұлы адам – тыл еңбеккері Нина Запорожецті Ұлы жеңісімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол Отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етті, өз еңбегімен біртұтас мақсатқа – Ұлы Жеңіске жету жолы ықпал етті.

Тыл еңбеккеріне азық-түлік себеті түрінде сыйлықтар табыс етілді және мықты денсаулық, бейбітшілік, рух сергектігі, бақыт, амандық тіледі. Тыл еңбеккері өзінің өмір жолы, Отанының игілігі үшін қалай еңбек еткендігі туралы айтып, сондай-ақ пробация қызметінің қызметкерлеріне көңіл бөліп, естелік үшін алғыс айтты.

 

Жауап қалдыру