Мал ұрлығына қатысты дерек ашылды
Қызылордалық полицейлер қой ұрлаған қаскөйді ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Шәкен ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас қойын ұрланғандығы туралы шағым түсті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы осы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақты зат алынды.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.
Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.