Ірі көлемді мал ұрлығы тіркелді
Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығын болдырмау, алдын алу мақсатында жиын өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері өңірдегі мал ұрлығының алдын алу мақсатында тиісті мамандардың қатысуымен үлкен жиын өткізді. Жиналысқа ҚР министрліктерінен арнайы қызметкерлер келіп, күн тәртібіндегі басты мәселені талқылады. Атап айтсақ, ҚР ІІМ КПД аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі К.Нурсейтов, Түркістан облысы Полиция департаментінің КПБ-нің бөлім бастығы Ж.Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы М.Ахметов, Түркістан облысының Ветеринарлық басқармасының бастығының орынбасары Н.Усенбаев, Кентау ҚПБ бастығының бірінші орынбасары А.Сапарбеков, Кентау ҚПБ бастығының орынбасары Т.Юнусов мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Алғаш сөз алған баяндамашы Ж.Нысанбаев Ветеринария қызметкерлеріне тіркелмеген төрт-түлік мал базарларға кіргізілмеуі, сойылған еттердің рұқсаты, құжаты болуды, егерде кейбір заң бұзушылықтар орын алса, шара ұйымдастырып, жұмыстарды жандандыру, хат алмасу, құқық бұзушылықтардың түсініктемелерін сапалы алу, бірлесіп жұмыс атқару мәселесін ұсынды.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы М.Ахметов болса, малды жаппай сырғалау керектігін алға тартты.
Кентау қаласы және оған қарасты елді мекендерде 2020 жылдың екі ай көлемінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарын саралайтын болсақ, тіркелгені жеті мал ұрлық қылмысы, оның ішінде төрт ауыр қылмыс. Бүгінгі күнге дейін үш қылмыстық іс бойынша қылмыскерлер анықталып, процессуалды шешім қабылдану үстінде.
Полицейлердің айтуынша, қазіргі таңда, тіркелген мал ұрлық қылмыстарын ашу мақсатында, арнайы топ құрылып, рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Кентау қаласының аумағында орналасқан қора иелерімен жиындар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ал, 2020 жылдың екі ай көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлау жәйті бойынша жалпы 46 қылмыс тіркеліп, ашылым пайызы 71,4 % құрап, 2019 жылға қарағанда ашылу пайызы 50,3 % көтірілген. Қалған ашылмай тұрған тоғыз жайт бойынша қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде.