Полиция бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алуда
Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алуда рейд өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы арнайы жасақ взводының инспекторлары, әскери бөлім қызметкерлері және Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп, жоспарға сәйкес ҚР-да уақытша болу ережелеріне сай, заңсыз көші-қон деректерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, осы өңірде жүрген 150-ден астам Өзбекстан Республикасының азаматтары Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қажетті жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның
негізгі мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты өзге де заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесу.
Іс-шара барысында олардың ҚР-да уақытша болу заңдылығы, қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, тиістілері базаға енгізілді. Заңсыз көші-қонға қарсы жедел-профилактикалық бірлескен шаралар ұйымдастыру алдағы уақытта да жүзеге асатын болады.
Заңсыз көші-қон бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. ҚР тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бастап, сырт елдермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Осы тұрғыда көші-қон заңнамасына да толықтырулар енгізілді. Жасыратыны жоқ, кей-кездері көші-қон заңнамасының талаптары сақтала бермейді, заңсыз келіп-кетушілер саны күннен-күнге артып жатқандай.
Сондықтан осы секілді шаралар алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.