Малды ұлының атына жазу үшін жалған құжаттар жасаған павлодарлық анықталды
Малды ұлының атына жазу үшін жалған құжаттар жасаған павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Павлодар облысында ауыл тұрғыны малды ұлының атына жазу үшін жалған құжаттар жасаған. 49 жастағы ауыл тұрғыны жұбайының оның атынан жалған мәлімдеме бергені туралы полицияға өтініш білдірді. Материалды қарастыру барысында полицейлер жұбайы күйеуінің атынан жалған өтініш бергенін және ұлының атына 10 бас ірі қара малдың ветеринариялық құжаттарын жазғаны анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.
Полиция аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін атап өтті. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлары мен себептері анықталуда.