Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Манекеннен әйелдер күртешесін шешіп алған ұры ұсталды

Павлодар облысында сауда үйлерінің бірінде манекеннен киім ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде жедел қызметкерлердің назарына Н.Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйінде белгісіз азаматтың сатушыларға байқатпай манекеннен күртеше шешіп алғаны туралы бейнежазба іліккен. Төбеде орнатылған бейнекамераға ер адамның павильонның келушілері аздау бутиктеріне жалтақтап, одан әрі манекеннен әйелдер күртешесін шешіп алып, кетіп қалғаны түсіп қалған. Жедел уәкілдер күдіктінің жеке басы мен жүрген жерін анықтады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады, бейнебақылау камерасын байқамағанын және ұрланған күртешені сыйлыққа бергісі келгенін айтты. Қазіргі таңда  ұрланған зат иесіне қайтарылды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысының ПД Криминалдық полиия басқармасының бастығы Балгабай Капаров.

Полиция қызметкерлері манекеннен күртеше ұрланғанын анықтаған сауда үйі қызметкерлерінің камералардың жазбасын мұқият зерделегенін, сондай-ақ бейнежазбаның қажетті фрагментін тауып, ұрының келесі келуіне дайындық жасау мақсатында дүкен қызметкерлерінің ортақ чатына жібергенін анықтады.

Ортақ чатқа жіберілген бейнежазба әлеуметтік желілердегі қаланың танымал пабликтеріне тараған. Ал ол жерден аталған бейнежазбаны жедел қызметкерлер көрген.

Балгабай Капаровтың айтуынша күдіктіні тез анықтау және ұстауда объектінің техникалық жарақтандырылуы шешуші рөл атқарды.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаудың 1 956 дерегі тіркелген, бұл көрсеткіштің өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға төмен екенін айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру