Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы әкімдігінде консультативтік-кеңесші органдардың кезекті отырысы өтті

Маңғыстау облысының әкімдігінде консультативтік-кеңесші органдардың кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес отырысына Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы А.Қалиев, Консультативтік кеңестің төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Меңдібаев, қоғамдық кеңес мүшелері, ҚАЖ департаментінің қызмет салаларының басшылары мен облыстық әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.

Кеңесті Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Меңдібаев ашып, кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.

Кеңес отырысында департамент басшысы Алтынбек Қалиев баяндамасында ведомствоның жұмыс нысандары мен шешімдері жайлы айтты.

А.Қалиев атап өткендей, қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің құрамына үш ведомстволық бағынысты мекеме кіреді: ГМ-172/6 мекемесі (қауіпсіздігі барынша жоғары), ГМ-172/8 мекемесі (қауіпсіздігі ең төмен) және ГМ-172/10 мекемесі (қауіпсіздігі аралас). Сонымен қатар, қалалар мен аудандарда барлығы жеті пробация қызметтері жұмыс жасайды.

ҚАЖ департаментінің басшысы өз кезегінде мекеме басшылығымен сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын ұйымдастырылып, оларды мәдени, спорттық шараларға тартылатынын, сонымен қатар бостандыққа шыққан сотталғандарды қоғамға бейімделуге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік көмек көрсету туралы да айтып өтті.

Биыл Мемлекет басшысының рақымшылық жасау туралы заңы бойынша 555 адамның істері сотқа жолданды.

Кеңес барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру