Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да 46 қыз-келіншек қызмет етеді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 46 қыз-келіншек қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Органдардағы жұмыс – ең жауапты және кейде қиын, өйткені олар қоғамның өзге өкілдерімен де байланысуға тура келеді.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 46 қыз-келіншек қызмет етеді.

Бұл нәзік жандар туған өлкесінің тәртібі үшін жауапкершілік жүгін көтеріп, сонымен бірге күшті ерік-жігерге, қуатқа, батылдық пен кәсіпқойлыққа ие, бірақ бастысы оларды азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет етуге үлкен ықыласы бары біріктіреді.

– Ішкі істер органдарында тек ерлерге емес, әйелдерге де қиын. «ІІО қызметкері» деген ұғым бар, қызметте ерлер мен әйелдерге бөлінбейді. Барлық қызметкерлер үшін бірдей ішкі істер органдарына жүктелген міндеттер бар. Біз оларды жынысына, жасына немесе басқа факторларға қарамастан орындаймыз. Қызға қылмыскерлерді ұстауға бару орынсыз екені түсінікті, бірақ заңсыз әрекеттерге тез арада жауап беру, қылмыстың жолын кесуге және ашуға мүмкін болатын көмек көрсету — бұл біздің тікелей міндетіміз, – деп атап өтті департаментте.

Барлық қиындықтарға қарамастан, қыздар ішкі істер органдарындағы қызмет әйелдердің де қолында екеннің тағы бір айқын дәлелі.

Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі Хадиша Нұретова – Маңғыстау аудандық пробация қызметінің бастығы. Әскери болу бала кезінен армандаған. Өз қызметін полиция күзет қызметінің инспекторынан бастады. Екі жыл жұмыс істегеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке ауысты.

Хадиша көпбалалы отбасынан шыққан: әкесі – үлкен тәжірибесі бар мұғалім, анасы – үй шаруасындағы әйел. Отбасында барлығы 12 бала және Хадиша соның ішінде тоғызыншы бала болды.

Қазір өзі де үш баланы тәрбиелеп отырған ана. Әйелдің иығына күн сайын екі есе жауапкершілік жүктеледі: қызметті отбасылық қиындықтар мен шаруалармен біріктіру оңай емес. Даналық, тапқырлық, шыдамдылық және әйелдің түйсігі оларға барлық қиындықтарды жеңуге және кәсіби биіктерге жетуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру