Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының ПД-да әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

Ақтөбе облысының ПД-да әйелдер арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтөбе облысының Полиция департаментінде әйелдер арасында волейболдан турнир өтті. Оған 14 құрама қатысты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Полиция департаментінде 400-ге жуық әйел қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде тергеушілер, анықтаушылар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және басқа да көптеген қызметкерлер де бар.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жусупов құрметті әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Осы тамаша мереке қарсаңында біз әйелдер арасында волейболдан арнайы турнир ұйымдастырдық. Өйткені әйелдер – бойларында төзімділік пен іскерлік таланттары бар адамдар. Сіздің қызметтегі қиындықтарыңызға қарамастан, сіз бізбен тең дәрежеде жұмыс істеп, қылмыстық істерді тергеп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етесіз, сондай-ақ отбасылық жылулық пен жайлылықты қатар алып жүресіз. Көктемнің ең жарқын мерекелерінің бірінде Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін!, – деп қосты Абай Жусупов.

Турнирге Полиция департаментінің, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің құрамасы, сондай-ақ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы шақырылған командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының командасы, екінші орынды Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және үшінші орынды М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командалары жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру