Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен мекемелердің қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті. Бөлім басшылары қызметкерлерді киім-кешекпен қамтамасыз ету шараларын қабылдап, жеке құрамның байқауын өткізді, онда өз ұжымдарының жазғы кезеңде қызметке дайындығын тексерді.
ҚАЖ департаментінде жеке құрамның саптық байқауы департамент бастығының орынбасары Ғабит Чутабековтың басшылығымен ведомство аумағында өтті.
Саптық байқау кезінде жеке құрамның нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етілуі, қызметтік куәліктердің болуы мен сәйкестігі тексерілді. Тексеру аяқталғаннан кейін қызметкерлер саптық әдістер дағдыларын пысықтады.
Саптық байқау қорытындысы бойынша басшылық аумақтық органның жеке құрамы жазғы кезеңде қызметке дайын деген қорытындыға келді.