Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жаза өтеу шарттарын бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкеннен ішімдік ұрлап, 100 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмысты атқару жазасы тағайындалған Хромтау ауданының тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметіне есепке алынды.

Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған Т.- ға қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның өтеу тәртібін түсіндіреді. Сонымен қатар сот жүктеген міндеттер мен мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу – сот тағайындаған қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін бір тәулігі есебімен қамауға алу түріндегі жазамен ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алынады.

Алайда сотталған 100 сағат қоғамдық жұмыстың 8 сағатын ғана өтеп, қалған сағаттарды атқаруға шықпаған. Профилактикалық әңгімелесу кезінде сотталған жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғанын мойындап, қоғамдық жұмыстарды атқаруға шықпауын ішімдікке салынуымен түсіндіреді.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған сотталған есепке алынған уақытта маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеу шарасы бойынша тұрғылықты жері бойынша емдеу шарасы тағайындалып, сотталған Ақтөбе қаласындағы облыстық психикалық денсаулық орталығында маскүнемдіктен ем алған. Бірақ емделу барысында ол өзін жағымсыз жағынан көрсеткен. Емдеу шараларының оң әсер бермейтіндігін, яғни ішімдік ішуге құмарлығы басылмай, пробация қызметкерлері тарапынан бірнеше мәрте ескерту алса да қайта қылмыс жасауға ықтималдығын дәлелдейді.

Хромтау аудандық пробация қызметі аталғанға байланысты сотталған Т.-ға қатысты қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын қамауға алу түріндегі жазасына ауыстыру туралы тиісті ұсынысты Хромтау аудандық сотына жолдады. Аудандық сотпен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған Т.- ның қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 100 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмыстың қалған 92 сағаты 23 тәулікке бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру