Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жанармай құю станциясынан күзетшінің телефонын ұрлаған азамат анықталды

Астанада жанармай құю станциясынан күзетшінің телефонын ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

“102” арнасына елорда тұрғыны жүгініп, таңертеңгі сағат 05:00 шамасында Алаш көшесіндегі автожанармай бекетінен белгісіз біреудің ұялы телефонын иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы арызданған.

Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 28 жастағы жігітті анықтады. Құны 130 мың теңге тұратын Xiaomi Redmi смартфонын ұрлауға қатысы бар елорда тұрғыны өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Күдікті ұйықтап жатқан күзетшіге жақындап, ыңғайлы сәтті күтіп, оның телефонын сөренің төменгі жағынан алып жатқан сәт жанармай құю станциясының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға, күдікті адамдарды қадағалауға кеңес береді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру