Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары жүргізушілерге үндеу жасады
Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары жүргізушілерге үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында ақпан айының 5-29 күндері аралығында республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара аясында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов республикалық маңызы бар тасжолдарда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары және жеңіл автокөлік иелерімен жүздесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Полиция қызметкерлерімен атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған шараларға қарамастан, жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Сондықтан сіздерден жол қозғалысы ережелерін сақтап жүруді сұраймын. Барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін, – деді Ақшауов.
Маңғыстау облысы полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Оқыс оқиғаларды болдырмау бағытында құқық қорғау органдары ғана емес, қоғам болып бірлесіп жұмыстану қажет.