Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Ақтөбе облысының полиция департаментінде полицейлердің ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге ауған соғысына қатысып, интернационалдық міндеттерін абыроймен атқарған, әрі бұл жауынгерлік міндеттерді аяқтағаннан кейін ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарған ардагерлер арнайы шақырылды. Сонымен қатар, аға буын өкілдері – ІІО ардагерлер кеңесінің мүшелері де шараға белсенді қатысты.

Жас полицейлерді отансүйгіштікке, ерлік пен төзімділікке тәрбиелеу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өткізілген шарада тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Алтыншаш Жасанова сөз сөйледі.

– Сіздердің абыройлы жауынгерлік және қызметтік жолдарыңыз – біз үшін нағыз ерлік пен батылдықтың, төзімділіктің үлгісі. Жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде сіздердің тәлім-тәжірибелеріңіздің рөлі орасан. Бұл кездесу полицейлерге өткенімізді терең ұғынып, ұрпақтар сабақтастығын түсінуге көмектеседі, – деді ол.

Интернационалист жауынгерлер, әрі ІІО ардагерлері – Әділхан Қаршигин, Уразбай Жарменов, Бекболат Құлмағанбетов және Алексей Лошак тәртіп сақшыларымен қызмет жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, қатал және қаһармандық күндер, жауынгерлік жолдастары туралы айтып берді. Жас мамандар жауынгер-қонақтардың әсерлі әңгімелерін ерекше ықыласпен, әрі аса қызығушылықпен тыңдады.

Шара соңында полицейлер жауынгер-ардагерлерге шынайы алғысын жеткізіп, департамент басшылығы атынан алғыс хаттар тапсырды. Әсерлі кездесу ауған соғысы жылдарынан сыр шететін арнайы сурет көрмесімен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру