Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жол ережесін сақтаудың маңызды екенін естеріңізге саламын. Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Апат салдары тек материалдық емес, адам шығынына да алып келеді. Бұл мәселеге жауапкершілікпен саналы түрде қарайтын болсақ, қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Жүргізушілер қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Көп нәрсе олардың қырағылығына, тәртібіне және жол ережелерін сақтауына байланысты, – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ведомствода жүргізушілерден келесі жағдайларға ерекше назар аударуды сұрады:

– Жылдамдық режимін сақтап, жолдағы жағдайды ескеріңіз;
– Жол қозғалысының басқа қатысушыларына, жаяу жүргіншілерге, әсіресе балалар мен қарттарға мұқият болыңыз;
– Жолдағы әрекеттеріңіз туралы ескерту үшін бұрылыс сигналдарын пайдаланыңыз;
– Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін ара-қашықтықты сақтаңыз;
– Көлікті басқару кезінде телефон немесе басқа да дүниелерге назар аудармаңыз;
– Автокөлік ішінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз, оларды ұстау құрылғыларын пайдаланыңыз;

– Бірлесіп қана біз жолдарды қауіпсіз ете аламыз. Сіздің жауаптылығыңыз өзге біреудің өмірін құтқаруға септігін тигізуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! – деді Ақтоты Боранова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру