Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары мектеп оқушыларымен кездесті
Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары мектеп оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында өткізіліп жатқан республикалық “Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық ПД бастығының орынбасары Қ.Бахтыгереевтің ұйымдастыруымен №29 мектепте профилактикалық бағытта кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық ПД және қалалық ПБ жергілік полиция қызметінің қызметкерлері мен есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А.Әмірғалиева қатысты.
Іс-шара барысында Қ.Бахтыгереев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгімелесіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын” жүзеге асыру негізінде есірткі қылмысының жауапкершілігі мен салдары туралы айтылды.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстың жолын кесу мақсатында әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.