Маңғыстау облысы ПД-да Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді
Маңғыстау облысы ПД-да Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға департамент бастығы Аян Дүйсембаев, ІІО ардагері Оңайбек Абдилов, Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің мүшесі Фатима Биркле және Қазақстан Халқы ассамблеясының облыстық филиалының төрайымы, аналар кеңесінің төрайымы Аманкүл Джайлханова, басқа да Қазақстан Халқы ассамблеясы мүшелері қатысты.
Олар өз сөздерінде әрдайым алдыңғы шепте тұратын полиция қызметкерлеріне, олардың күні-түні қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда аянбай еңбек етіп келе жатқандықтарына алғысын білдірді.
Аян Дүйсембаев жас ұрпаққа үлгісін көрсетіп келе жатқан ардагерлерді мерекемен құттықтап, алғыс хаттарды табыс етті. Департаменттің жеке құрамына адал қызметтері үшін, ал облыс тұрғындарына бізге сенім артып, азаматтық ұстаным білдіретіндіктеріне алғысын білдірді.