Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауға өзге облыстан келген 25 әйел жезөкшелікпен айналысқан

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 25 әйел есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 21-27 ақпан аралығында “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Іс-шара кезінде жезөкшелікпен айналысқан 25 әйел есепке қойылды.

Айта кету керек, ҚР ӘҚБТК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 34 адамға әкімшілік хаттама және ӘҚБтК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша екі тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) және 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру