Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда өзін интернет арқылы жарнамалаған жеңіл жүрісті қыз анықталды

Атырауда өзін интернет арқылы жарнамалаған жеңіл жүрісті қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 24 ақпан күні “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 21 жастағы қыздың ғаламтор желісі арқылы хабарландыру таратып, жезөкшелікпен және боди массаж қызметін көрсетумен айналысып жүргендігі анықталды.

Сондай-ақ, оның қызметінің жүзеге асуына көмектескен 29 жастағы әйелдің алған ақысының 50 пайызын қолма-қол және банк аударымдары арқылы беріп отырғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабымен (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру