Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жұмысын қорытындылады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 2021 жылдың тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың басынан бастап қызметкерлер 450 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде есірткіні өткізу – 48, ҰҚТ-ға қатысты екі факт, есірткі кірісін жария ету бір факт, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау – 12, есірткі критонын ұйымдастыру және ұстау – үш, есірткіні санаға сіңіру – алты, есірткіні қолдануға бір бейімдеу, улы заттардың бір айналымы, есірткіні насихаттау және жарнамалау бойынша екі факті анықталды.

Сондай-ақ, есірткі заттарын заңсыз сақтаумен байланысты ҚР ҚК 296-бабы 2-3-бөлігі бойынша 375 есірткі сатылғаны анықталды.

Заңсыз айналымнан 221 келі 567 грамм есірткі заттары, оның ішінде марихуана – 219 кг 112 грамм, героин – 154 грамм, гашиш – 154 грамм, апиын – 7 грамм және синтетикалық есірткі (мефедрон, альфа PVP және т.б.) – 2 келі 140 грамм тәркіленді.

Бұдан басқа, осы аралықта барлығы 84 алдын алу іс-шаралары өткізілді, Ақтау қаласы бойынша 650 граффити-жазбалар жойылды, сондай-ақ есірткіні жарнамамен және сатумен айналысатын Telegram мессенджеріндегі 50 сайт пен топ бұғатталды.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына және оған қатысы бар адамдар туралы ақпаратқа байланысты мәселелер бойынша жедел желі телефонына 8-777-289-54-80 нөмірі бойынша (тәуліктің кез келген уақытында WhatsApp қосымшасы) хабарласуға болатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру