Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

Маңғыстаулық полицейлер Республика күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазан Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ПД бастығы Аян Дуйсембаев, полиция департаментінің басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Баршаға мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін ұсынған болатын. Бұл мереке бәріміз үшін бостандықтың символы болып саналады. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада танымал, өркендеп дамыған елге айналды.

Мереке қарсаңындағы іс-шара барысында департамент бастығы полицейлерге наградаларын салтанатты түрде табыс етті. Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 36 қызметкер төсбелгі, грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Бұған қоса, бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Облыс әкімі маңғыстаулық 10 полицейге өз атынан алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шара қызметкерлермен арнайы дайындалған концерттік нөмірлермен жалғасын тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру