Маңғыстау облысында 461 жазасын өтеуші рақымшылыққа ілінді
Маңғыстау облысында 461 жазасын өтеуші рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған «Рақымшылық жасау туралы» Заңы ресми түрде өз күшіне енген күннен бастап, Қазақстанның барлық өңірлерінде, теріс жолға түсіп қылмыс жасап, яғни өзінің жасаған істеріне өкініп, қайта қалыпқа келіп, дұрыс жолға түсуіне, жаңа өмір бастауына жол ашылуда.
Қазіргі таңда есепке алынған сотталғандарға осы заң бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, рақымшылық заңы қолданылатын сотталғандар бойынша құжаттары рәсімделіп, жазадан босату немесе жазаның мерзімін қысқарту үшін тиісті мемлекеттік құзырлы органдарына жолданылуда.
Түпқараған аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 109 сотталған тіркелген, оның ішінде «Рақымшылық заңы» бойынша түсетін сотталған – 19, 14 сотталғанның құжаттары қаралып, бір сотталған сот шешімі бойынша жазаны өтеуден босатылған.
Сонымен қатар, 13 сотталғанға қатысты жазаның мерзімін өтелмеген бөлігі қысқартылды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша 461 жазасын өтеуші рақымшылыққа ілінді.
Заң жүзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр қыз-келіншектер, жасөспірім балалары бар, жасы үлкен азаматтар мен мүгедектерге берілген жеңілдіктер «Рақымшылықты заңы» мемлекет тарапынан көрсетілген көмек екенін айтып өткен болатын.
Алдағы уақытта Түпқараған аудандық пробация қызметкерлері сотталған тұлғалармен жеке әңгіме сұхбат жүргізіліп, психологиялық көмек, жарқын өмірге құштарлық ашу, қайта қылмысқа жол бермеу бағытында кенеттен тексеру жұмыстары жүргізілуде.