Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында екі сотталғанға қоғамдық жұмыстан жалтарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды

Маңғыстау облысында пробация қызметінде  тұрған екі сотталғанға қоғамдық жұмыстан жалтарғаны үшін әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі жазадан жалтаруға тырысқан екі сотталғанға қатысты заң аясында қатаң шаралар қабылдады.
Бірінші сотталған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы — (Алаяқтық) бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 7 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен ол қоғамдық жұмысқа тартылғанымен, белгіленген міндеттерін орындаудан бас тартты.

Екінші сотталғанға да қоғамдық жұмыс түрінде 100 сағат жазалау шарасы белгіленген болатын. Алайда ол да осы міндетті орындамады.

Бұл әрекеттерге байланысты пробация қызметі екі азаматтың да заңсыз әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669-бабы (Сот үкімін орындаудан жалтару) бойынша тіркеп, іс материалдарын сотқа жолдады.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметі сот шешімін орындамаудың жаңа жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді. Пробация — бұл мүмкіндік, бірақ оны тек міндеттерді адал орындау арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру