Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды
Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған Африка және Қытай азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзған Африка континентінің 23 жастағы С есімді азаматын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және елден мәжбүрлеп шығарылды.
Сондай-ақ аумақтағы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚХР-ның екі азаматына қатысты әкімшілік кодекстің 517-бабы 5-бөлігімен хаттамалар жасақталды.