Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Маңғыстауда полицейлер жүргізушілерді жолда қабылдады

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан тасжолында “Жолда қабылдау” акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті ЖПҚБ және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері ҚазАвтожол АҚ, көлік бақылау инспекциясы, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, жүргізушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алыс сапарға жол тартқан, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары мен жүк көліктері тоқтатылып, жүргізушілер медициналық тексерістен өтті.

Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әзірленген ақпараттық жадынамалар таратылды. Шара барысында құқық бұзушылыққа жол берген автокөлік иелері де анықталды.

ҚР ӘҚБтК-тің 603-бабының 2-бөлігінде көзделген талаптарды ескермей, көлігіне арнайы дыбыс сигналын беруге арналған құрылғыны рұқсатсыз орнатқаны үшін жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру