Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер аязды күні көлігі қарға батып қалған жүргізушіге көмектесті

Атыраулық полицейлер аязды күні көлігі қарға батып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпан күні сағат 19:00 шамасында Priora автокөлігінің жүргізушісі Атырау халықаралық әуежайының қара жолымен өтер кезінде шалшық суға батып қалған. Автокөлік жүргізушісі “102” операторына соғып, көмек сұраған.

Аталған оқиға орнына атыраулық полицейлер дереу жетіп, Priora автокөлігін қызметтік көлікпен сүйреп, жол бойына шығарып берді.

Көлік иесі арнайы бейнежазба арқылы полицейлердің атқарған жұмысы үшін өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру