Ақмола облысында полицейлер тас жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті
Ақмола облысында полицейлер тас жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана — Петропавл республикалық автожолын патрульдеу кезінде Илья Қабдуалиев пен Әділхан Байманов құрамындағы патрульдік полиция батальонының экипажы жол жиегінде тұрған көлікті байқады.
Белгілі болғандай, көлік құралы істен шыққан. Жағдайды көрген полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.
Полиция қызметкерлері жол қызметі қызметкерлерімен бірге көліктің ақауын жөндеуге көмектесті, бірақ бұзылудың ауыр сипатына байланысты көлік құралының жұмысын орнында толық қалпына келтіру мүмкін болмады. Осыған байланысты көлік жолдан эвакуацияланды.
Полиция көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апаруға көмектесті, одан кейін жүргізуші жөндеу мәселелеріне кірісті.
Тәртіп сақшылары егер жолда көлік істен шығып қалса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дереу шаралар қабылдап, көмек сұрау керек деп еске салады.
