Маңғыстау облысында "Мигрант" іс-шарасының алғашқы төрт күнінде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Маңғыстау облысында "Мигрант" іс-шарасының алғашқы төрт күнінде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың маусым айының 7-16 аралығында Маңғыстау облысы көлемінде "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты - қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.
- Аталған іс-шараға Ішкі істер органының – 145 қызметкері жұмылдырылды.
Сонымен қатар – 29 бірлескен топтар құрылды. Іс-шараның төрт күнінде 371 әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталды, - деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.
- Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517 бабы) – 212 шетелдік;
- Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы) – 135 ҚР азаматы тартылды;
- Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) – 24 адам тартылды;
- Сот шешіміне сәйкес ҚР аумағынан 20 шетел азаматы тысқары шығарылды, оның ішінде азаматтық процессуалдық негізде үш шетел азаматы.