Тараздық полицейлер дәрі-дәрмектен уланған бүлдіршінді құтқарды
Тараздық полицейлер дәрі-дәрмектен уланған бүлдіршінді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 9 маусымында бір әйел патрульдік экипаждардың біріне үрейленіп жүгіріп келеді. Бойын қатты қорқыныш билеген ол полицияға ұлының абайсызда дәрі-дәрмектерден уланғанын айтты. Баласының өмірінен қорыққан ата-аналар үйге жедел жәрдем шақырмай, ауруханаға өздері апаруға асыққан. Алайда күннің қарбалас кезі кішкентай пациентті құтқару жолын тежеді.
Полицейлер көп ойланбастан дабыл белгісін қосып, кедергісіз дәлізді қамтамасыз етіп, дереу көлікті облыстық балалар ауруханасына апарды.
– Жол-бекет қызметінің полицейлері Бекжан Мейрқұлов пен Болат Садырбаевтың жедел әрекеттері мен кәсібиліктерін, адамгершіліктерін ерекше атап өткім келеді. Мұндай полицейлерге тек құрметі!, – деп жазды Тараз қаласының тұрғыны инстаграмдағы әлеуметтік парақшалардың бірінде.