Маңғыстау облысында тұрғыннан 16 түп есірткі өсімдігі тәркіленді
Маңғыстау облысында тұрғыннан 16 түп есірткі өсімдігі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылдың 5 қыркүйегі күні 11:07 шамасында “Дәрмек-3” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жаңаөзендік полицейлермен Мерей шағын ауданында жергілікті тұрғынның үйінен марихуанаға ұқсас 16 түп есірткі өсімдіктері тәркіленіп алынды. Жалпы салмағы 850 грамды құрады.
Бұл дерек бойынша 53 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.