Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тәртіп сақшылары ұрыларды “ізін суыптай” ұстады

Ақмолалық тәртіп сақшылары ұрыларды “ізін суыптай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аршалы аудандық полиция бөліміне елорданың 46 жастағы тұрғынының 3 қыркүйекте біреулер Жібек Жолы кентіндегі үйден электр құралдары мен үйдің жанына қойылған көліктен автомагнитоланы ұрлап кеткендігі туралы өтініші келіп түсті. Келтірілген шығын сомасы 140 мың теңгені құрады.

Сол күні күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар Павлодар облысының бұрын сотталған 36 жастағы тұрғыны және елорданың 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын таныс жігіттер Жібек Жолы кентіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрған Skoda Octavia автокөлігін көрген.

Көліктің есіктері бекітілмегенін пайдаланып, радионы ұрлап кеткен. Қаскүнемдердің назарын үйдің есігіндегі құлып аударды. Терезенің шынысын сындырып, үйге кіріп, электр арасын, пластикалық чемодандағы бұрағышты және ұзартқышты ұрлап кеткен.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілер Аршалы аудандық ПБ УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру