Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 132 қылмыс ашылды

Маңғыстау облысында ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 132 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Ақтау және Жаңаөзен қалалары Полиция басқармалары Жедел басқару орталығының «102» операторлары азаматтардан түрлі сипаттағы 174 582 мың телефон қоңырауларын қабылдады. «102» мобильді қосымшасы арқылы 47 хабарлама келіп түсті. Жедел басқару орталығының жұмысы қызметтер мен бөлімшелерді басқару мен үйлестірудің тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізуге, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі.

ЖБО операторлары жыл басынан бері 22 501 құқық бұзушылықты анықтады. Мысалы, ұсақ бұзақылық үшін 1 138 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 1 551 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 499 жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылды.

Облыс бойынша ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен жеті айда 132 қылмыс ашылды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ бұзақылық, бұзақылық, алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу және есірткі заттарын заңсыз сақтау сияқты қылмыстар анықталды.

– Бүгінде қаланы бақылау жеткілікті деңгейде жүргізіліп жатыр деп айтуға болады. Бұл құрылғылар қылмыстың алдын алуға бағытталған, яғни азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Заңға бағынатын азамат бұл бейнекамералардан қорықпауы тиіс, керісінше қоғамға зиянын тигізетін құқық бұзушыларды анықтау үшін бұл таптырмас құрал, – деп атап өтті ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру