Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан криминалистер қылмыс орын алған 1580 орынды тексерді

СҚО-да жыл басынан криминалистер қылмыс орын алған 1580 орынды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалист, тергеуші, жедел уәкіл – күн сайын үш бөліністен бір офицерден тәуліктік кезекшілікке түсіп отырады. Олар қылмыс жасалған жерлерге шығып, оқиға орнын тексереді және кейбір шұғыл мәселелерді шешеді. Жедел-тергеу тобы құрамындағы сарапшы-криминалистің рөлі маңызды. Қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау, тіпті істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы да криминалистің іс-әрекетіне байланысты.

СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасында тәжірибелі 12 қызметкер қызмет атқаруда. Олардың басым бөлігі – аға офицерлік құрам, подполковниктер мен майорлар. Бөлініске полиция полковнигі Игорь Семенов жетекшілік етеді. Жалпы облыс бойынша – 48 криминалист маман бар. Олардың барлығы да жан-жақты: физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша күрделі теориялық білімдері бар, шыңдалған, әрқайсысы полиция қызметіне қажетті заманауи цифрлық техникамен жұмыс істей алады.

Суық қаруды, құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу, жазулар мен таңбаларды, саусақ іздерін, иістерді, қарулары зерттеу – солтүстікқазақстандық криминалистер зерттеулер мен сараптамалардың барлық аталған түрлері бойынша жұмыс істейді.

– Жеті айдың ішінде СҚО ПД ЖКБ қызметкерлері 4500-ден астам жедел-іздестіру іс-шараларына, тергеу амалдарына қатысты, 1580 оқиға орнын тексерді. Іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу 86 пайызды құрады, – деп атап кетті СҚО ПД ЖКБ бастығы Игорь Семенов.

Тек соңғы айда криминалистердің қатысуымен бірнеше мүліктік қылмыстар ашылды. Негізінен, бұл автокөліктерден ұрлау, сондай-ақ велосипед ұрлығы. “Папилон” автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесінің деректерімен жұмыс күдіктілерді анықтаудың әр жағдайында септігін тигізді. Бүгінгі таңда СҚО ПД ЖКБ “Папилон” АДАЖ базасында 356 мың дактокарта мен 67 500 саусақ іздері бар. Биылғы жылдың басынан базаға 7700 дактокарта, сондай-ақ қылмыс орнынан алынған 640 саусақ іздері енгізілді.

– Барлығы, биылғы жылдың жеті айындағы дактилоскопиялық есептермен жұмыс 76 қылмыстың бетін ашуға көмегін тигізді. Оң сәйкестендіруге қол жеткізілді: төрт – адам өлтіру, 20 – денсаулыққа ауыр зиян келтіру, екі – айдап әкету, 42 – бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде 19 пәтер ұрлығы бойынша. “Папилон” АДАЖ және дактоесептерді пайдалану арқылы 27 танылмаған мәйіттің жеке тұлғасы анықталды, – дейді ЖКБ бастығы Игорь Семенов.

82 500 адам деректері жиналған “Образ++” ақпараттық іздестіру жүйесін толықтыру бағыты бойынша жеке жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан 2500 адамға толықты, базамен жұмыс істеу барысында биылғы жылы қылмысқа күдікті 11 адам анықталды. Деректер базасынан бөлек, күн сайын қылмыстарға шығу қорытындысы бойынша криминалистер аяқ киім іздері, бұзып кіру құралдары және басқа дәлелдер коллекциясын ұдайы толықтырып отырады. Бірнеше жыл бойы жиналған коллекция жыл басынан 26 қылмысты ашуға септігін тигізді, негізінен бұл ұрлықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру