Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір күнде 2 ЖКО орын алды: қаза болғандар бар

Ақтөбе облысында бір күнде екі жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ағымдағы жылдың 2 тамызында сағат 06:20-да Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің 102 телефонына ВАЗ-2114 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі сағат 04:40-та Үшқатты кенті жағынан Жамбыл кенті бағытында қозғалып, Үшқатты кентінің маңында рульді басқара алмай, көліктің кюветке аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ЖКО салдарынан 23 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші мен төрт жолаушы Әйтеке би ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды.

Сол күні Әйтеке би ауданы Қарабұтақ кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында 30 жастағы Volkswagen-Golf автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда облысының тұрғыны Ырғыз ауылы жағынан Ақтөбе қаласы бағытында қозғалып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Қырғызстан Республикасының 50 жастағы азаматының басқаруындағы Daf автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Volkswagen-Golf автокөлігінің жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сол көліктің екі жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Жол ережелері – өмір заңы! Жолдың өз қауіптілігі бар, бұл жерде немқұрайдылық пен сенімділікке орын жоқ. Есіңізде болсын, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау біреудің өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру