Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 26 мыңнан астам дерегін анықталды
Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 26 мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер жолда ұсақ бұзушылықтардан бастап, қызыл түске өту және мас күйінде көлік жүргізу сияқты өрескел бұзушылықтарға дейін әртүрлі бұзушылықтар жасайды.
2021 жылдың төрт айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторларымен 26 761 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұялы телефонды пайдаланған – 3 586 жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерінсіз көлік басқарған – 5 552 жүргізушіге хаттамалар жасақталған. 1 556 жүргізуші жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз көлік басқарған. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 592 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолағына 123 жүргізуші шықты. Сондай-ақ, көптеген басқа жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге, әсіресе тәуліктің қараңғы мезгілінде мұқият болу керектігін ескертеді. Жаяу жүргіншілер өтпеліне жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету қажет, әсіресе балалардың күтпеген жерден келуі мүмкін жерлерде сақ болыңыздар! Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін төрт айда 451 автоәуесқойға әкімшілік хаттама жасақталды.