Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында “курьер” тергеу изоляторына марихуана кіргізбек болды

Атырау облысында “курьер” тергеу изоляторына марихуана кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылды.

– Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшін ұсталынып отырған 28 жастағы сотталғанға жіберілгені анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақырылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру