Маңғыстау облысында жұмысқа орналаспақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалды
Маңғыстау облысында жұмысқа орналаспақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Мұнай саласына жұмысқа орналаспақ болған деген ақтаулық тұрғын алаяққа алданған. Ол полицияға арызданды. Алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жәбірленушіге 6 млн теңге көлемінде шығын келтірген.
Дәл осындай негіздегі арызбен Жаңаөзендік тұрғын да шағымданды. Алаяқ тұрғынның 1,1 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 45 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны мен 27 жастағы күдікті әйел адам анықталып, ұсталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.