Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бiлiм күні Жамбыл облысы полициясына 42 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Бiлiм күні Жамбыл облысы iшкi iстер органдарына 42 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйекте кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында жергілікті тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізді.

Ағымдағы түнде ішкі істер органдарына 42 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 46 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында болғаны үшін 1 кафе қожайыны жауапкершілікке тартылды.

– Жаңа оқу жылының басталуына орай барлық көңіл көтеретін ойын-сауық орындары мен жастар көп жиналатын жерлер құқық қорғау органдарының жіті назарында болады. Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ата-аналардан балаларының бос уақытын және байланыс ортасын қадағалауларын сұраймыз. Балалардың ешбір қадағалаусыз болуы заңға қайшы әрекеттер жасауға себеп болуы мүмкін, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Оксана Семенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру