Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полициясына жоғалған 5 бала туралы өтініш келіп түсті

Ақтөбе полициясына жоғалған 5 бала туралы өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

102 пультіне бірінші сынып оқушысының анасынан қоңырау келіп түсті. Анасы қызының Қызылжардағы мектептен шыққаннан кейін үйге қайтып оралмағанын айтты. Жедел әрекет ету барысында, аумақты тексеру кезінде полиция қызметкерлері қызды көрші шағын ауданан тапты.

Қыз өздігінен мектептен шығып, серуендеуге кеткен, уақытқа да қарамаған. Ең бастысы, бала аман-есен табылды. Ол ата-анасына табысталды. Өз кезегінде баланың ата-анасы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Құрметті ата-аналар! Осындай жағдайларды болдырмас үшін балаларыңызды мектептен келерде алдынан шығып, қарсы алыңыз. Егер бала жоғалып кетсе, дереу “102” пультіне хабарласу керек, әйтпесе балалар қиындыққа тап болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру