Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының ПД бастығы жергілікті халыққа есеп берді

Маңғыстау облысының бас полицейі халыққа есеп беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кездесудің мақсаты – халыққа атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру, халықтың көкейіндегі сауалдарын тыңдау, олардың талап-тілектеріне ден қою, оны бірлесе шешуге атсалысу. Ведомство басшысы тұрғындарды қаладағы қылмыстық ахуалмен таныстырып, облыс аумағында қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жақында іске қосылған “102” мобильді қосымшасының артықшылықтарын айтып, тұрғындарды аталмыш қосымшаны қолдануға шақырды.

– Орын алған кез-келген құқық бұзушылық бойынша дереу бейнебайланыс арқылы полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіне аласыздар, бұл қосымшаның басты ерекшелігі де сонда, – деп атап өтті ол.

Тұрғындар кездесу барысында Департамент бастығына түрлі сипаттағы шағымдарын жеткізіп, сұрақтарын қойды. Жанарбек Бақтыбаев азаматтардың сауалдары мен оларды толғандыратын мәселелерді мұқият тыңдап, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

– Биылғы жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысының полицейлері 3682 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның үштен бірі облыс тұрғындарының көмегімен анықталды. Жасыратыны жоқ, бұрын көп адам өздеріне қатысты болмағандықтан, көз алдында жасалған ұсақ құқық бұзушылыққа назар аудармайтын еді, қазір олай емес. Адамдардың белсенділігінің артқаны байқалады. Бұл – азаматтық ұстаным. Жұртшылықтың белсенділігі арқылы қоғамдағы құқық бұзушылықтардың себеп-салдарын анықтап, оның алдын алу мен жою бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күрестегі маңызды қадам, – деп тұжырымдады Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру