Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған 371 тұрғын анықталды

Жыл басынан бері Павлодар облысының 371 тұрғыны үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Иттердің иелері өздерінің үй жануарлары басқаларға қауіп төндіруі немесе көршілеріне зиян келтіруі мүмкін екенін әрдайым есте ұстауы керек. Сондықтан олар үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Мәселен, Павлодар қаласының “102” пультіне Гурьевская көшесінің бойында белгісіз иттің өтіп бара жатқан адамдарға айбат шегіп, ұмтылып жатқаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында “алабай” тұқымдас иттің тордан босап, көшеге шығып кеткені анықталды.

Бұдан басқа, Тереңкөл ауылында ауыл тұрғынының иті көршісінің бес қоянын өлтірген. Иттің иесі дереу келтірілген материалдық залалдың орнын толтырып, шығынды толық төлеп берді.

Аталған иттердің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кететін жайт, жыл басынан бері Павлодар облысының 371 тұрғыны мысықтар мен иттерді ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру