Маңғыстау облысының полиция басшысы тұрғындарға үндеу жасады
Маңғыстау облысының полиция басшысы тұрғындарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда республика бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Барлық жерде карантин шарттары жеңілдетілді.
Соған қарамастан, Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, әлі де мейрамханалардың, дәмханалардың және банкет залдарының толтырылуы 100 адамнан артық болмауымен шектеледі.
Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, негізгі қауіп – коронавирустық инфекцияның шетелден келуінде.
Кейбір азаматтардың отбасылық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде карантиндік талаптарды бұзу фактілері кездесіп жатады. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) талаптарын бұзғаны үшін жасалған құқық бұзушылық салдарына қарай 30-дан 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.
Азаматтарды халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин шарттарын қатаң сақтауға және өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және оларға инфекцияның алдын алуға жәрдем көрсетуге шақырамын.