Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен 3 ұялы телефонды ұрлап кеткен ер адам ұстады

Түркістан облысында тұрғынның үйінен үш ұялы телефонды ұрлап кеткен ер адам ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда таңғы сағат 04:00 шамасында белгісіз азамат үйіне заңсыз кіріп, кіреберіс бөлмеде қуаттағышта тұрған үш бірдей ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Яғни “Samsung Galaxy”, “Huawei”, “Samsung” маркалы ұялы телефондарын жымқырып, жалпы 200 мың теңге шығын келтірген.

Аталған дерек ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.
Хабар алысымен оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, күдікті адамдарды іздестіру бойынша басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ордабасылық полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні “ізін суытпай” ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай ұсталған азамат бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын екен. Күдікті ұрлап алған мүліктерді Шымкент қаласындағы базарлардың біріне сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Бүгінгі күні ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылып берілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз үйі мен мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер, сіз, қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру