Маңғыстау полицейлері интернет-алаяқтықтың 32 фактісін анықтады
ҚР ҚК 190-бабы (Интернет-алаяқтық) бойынша – 15 дерек, ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша біреу, ҚР ҚК 198-бабы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша – 4, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық). Сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттері бар 22 интернет-ресурстар (сайттар) бұғаттауға бағытталды.
– Естеріңізге сала кетейік, әрқашан желіде ұсынылған тауарлар мен қызметтерді тексеріп, қосымша фото және бейне шолуларды талап етуіңіз керек. Сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өту қауіпті, онда сізден картаның нөмірі мен CVV-коды сияқты құпия деректерді енгізу талап етіледі, – деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.